Қарағандыда «Луч» нейрооңалту орталығының филиалы ашылды

Қарағандыда «Луч» нейрооңалту орталығының филиалы ашылды

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысында «Луч» нейрооңалту орталығының филиалы ашылды. Ол 75 науқасқа арналған. Медициналық мекеме науқастарды инсульттан, нейрохирургиялық және травматологиялық операциялардан кейін қабылдайды. Мұнда мамандар адамдарды толыққанды өмірге қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Жаңа орталықта жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтары орнатылған. Гидротерапия, балшықпен емдеу, массаж және тағы басқа процедуралар қарастырылған.

«Луч» нейрооңалту орталығы 2017 жылы ашылды. Қарағандыдағы бас бөлімшеден басқа, Жезқазған мен Теміртауда филиалдар жұмыс істейді. «Луч» мамандары жылына 2,5 мыңнан астам адамды қабылдайды.

- Құрылысшылар даңғылы, 34 мекен-жайы бойынша орналасқан біздің жаңа орталыққа басқа филиалдар сияқты МӘМС аясында келіп ем алуға болатындығын атап өткім келеді. Яғни, оңалтудан тегін өтуге болады. Ол үшін учаскелік дәрігерге өз емхаңызға бару керек, - деді «Луч» орталығының бас дәрігері Гүлнар Мәлік.