
Кеншілер қаласында өткен жеке, жұптық, аралас разрядтағы ақтық жекпе-жектер бойынша Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Saryarqa үстел теннисі Орталығында теннисшілер өзара мықтыны анықтады.
Бірінші: 14 жастағы қарағандылық Алан Құрманғалиев 2012 жылы 15 жасында чемпиондық олимпиаданы жеңіп алған Кирилл Герасименконың (Нұр-сұлтан) рекордын жаңартса.
Екінші рекорд: Сарвиноз Миркадирова (15 жас, Шымкент) әйелдер арасындағы жеке есепте ең жас алтын медаль иегері атанды. Чемпиондардың финалдық кездесулерінен кейін Алан мен Сарвинозды (суретте) Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Адбулгазин құттықтап, спортшыларға алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруын тіледі.
Үшінші рекорд: ел чемпионатының финалында алғаш рет 48 жастағы кіші ракетка шебері қарағандылық Марат Суртубаев жұптық сында екінші орын алды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша