Театр сыншылары үздіктерді анықтады

Театр сыншылары үздіктерді анықтады

International Union of Theatre Critics Халықаралық театр сыншыларының бірлестігі Республиканың 40 театрынан үздіктерді анықтады. Түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар "Қазақстан Театрлары-2020" онлайн - конференциясында жарияланды. Қашықтан жұмыс форматына ауыстырылған ұжымдардың онлайн-жұмыстары сыншылардың жіті назарында болды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының театрлары да "сыншылар сыйлығымен" марапатталды. К. С. Станиславский атындағы Халықтар Достығы орденінің Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры "БАҚ және театр" номинациясы бойынша марапатталды. "Үздік сайт" номинациясы бойынша Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры жеңімпаз атанды. "Онлайн форматтағы ең белсенді театр" номинациясы Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрына бұйырды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша