SMS арқылы зейнетақы жинақтарды жылдам қалай тексеруге болады

SMS арқылы зейнетақы жинақтарды жылдам қалай тексеруге болады

Салымшылардың ыңғайлылығы үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға  инвестициялық басқаруға ұсыну үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты алу мақсатында қосымша сервисті іске қосты.

Сервисті пайдалану үшін https://cabinet.enpf.kz/porog порталына кіру қажет және mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторизациядан өту керек. Қызметті алу үшін міндетті түрде телефон дерекқорда тіркелуі тиіс.

Бір реттік кілтсөз арқылы авторизациялау үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

- өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;

- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;

- "Кодты жіберу" батырмасын басу;

- алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

Қосымша сервис ыңғайлы, себебі ол ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ жеткіліктілік шегін білуге мүмкіндік береді.

enpf.kz