ШОБ-тың 29 санаты медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар жасауды қайта бастайды

ШОБ-тың 29 санаты медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар жасауды қайта бастайды

2021 жылдың бірінші қаңтарында оқшаулау және карантин кезінде ең көп зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдік кезеңі аяқталды. Шағын және орта бизнестің 29 санаты медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдарды жаңартады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап пандемия кезеңінде бизнесті қолдау аясында ШОБ-тың 29 санаты, ірі бизнестің кейбір түрлері және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдардан босатылған болатын. Төлемдерден босатылғандардың ішінде мейрамхана және қонақ үй бизнесі, сауда, көлік, техникалық қызмет көрсету субъектілері және т.б. болды. Жеңілдікті кезең 1 қазанға дейін деп белгіленді, кейіннен 2020 жылдың соңына дейін ұзартылды. Босатылған бизнес субъектілерінің жұмыскерлері олар үшін жарналар мен аударымдар түспеген кезде сақтандырылған болып қалуы үшін, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің деректерін медициналық сақтандыру қорының базасына енгізуі тиіс болды.

Енді жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін ай сайынғы жарналар мен аударымдарды қайта бастауы керек.

- Жеңілдікті кезең жалғасқан кезде, жұмыс берушілер қор базасына енгізген қызметкерлер "жарналар мен аударымдардан босатылған" жеңілдікті санатқа жататын. Осы жылдың қаңтар айынан бастап осы азаматтардың мәртебесін сақтау үшін төлемдер түсуі керек. Соңғы 12 айда қарыз болмаған жағдайда мәртебе сақталады, - деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша