Инспекторлар Нұра ауданындағы браконьерлердің көлігінен киіктердің басы мен терісін тапты

Инспекторлар Нұра ауданындағы браконьерлердің көлігінен киіктердің басы мен терісін тапты

Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары Нұра ауданының Щербаковский кентіндегі Охотзоопром инспекторларымен және аумақтық инспекциясымен бірге түнгі рейд өткізу кезінде браконьерлерді құрықтады. Көлікте үш киіктің басы және терісі болған. Жануарларды аулаған аңшылардың бірі кінәсін мойындады.

Браконьерлерді ақбөкендердің тіршілік ету ортасын бақылаумен айналысатын Қарағанды орман шаруашылығының жедел тобы анықтады. Олар Нұра ауданына жануарларға көмек көрсету үшін барып, оларды жем беріп азықтандырды. Қазір ақбөкендердің текелері күйлеуге байланысты әлсіреген кезең. Мамандардың айтуынша, көптеген браконьерлер жануарлардың ол жағдайын пайдаланып, аулап алады.

Киіктерді заңсыз аулағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша