Қарағандылықтарға тұрғын үй көмегін қалай рәсімдеу керек

Қарағандылықтарға тұрғын үй көмегін қалай рәсімдеу керек

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2021 жылдың бірінші тоқсанына тұрғын үй көмегін алу үшін құжаттарды тапсыру керектігін хабарлайды. Қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ (ХҚКО) және www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталында ресімдеуге болады (ЭЦҚ болған жағдайда).

Портал арқылы көмек ресімдеуге Поспелов к-сі, 16 мекенжайы бойынша жұмыспен қамту бөлімінде, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша орналасқан OPEN KARAGANDA фронт-кеңсесінде көмек алуға болады.

Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) ақы төлеуге беріледі:

- кондоминиум нысанын басқаруға және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындарға;

- телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға;

- мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығындарға төленеді.

Жәрдемақының бұл түрі Қарағандыда тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй иелеріне немесе жалдаушыларға тағайындалады, олардың қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығындары отбасының жиынтық табысының 6%-ынан, ал мүгедектер үшін - 4%-дан асады.

Пешпен жылытылатын үйлерде тұратын жеке сектордың тұрғындары да қатты отын сатып алу шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін рәсімдей алады (оны сатып алу туралы құжаттарды ұсынған кезде).

Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін жүзеге асырылады. Қажетті құжаттармен бірге өтініш берген ай өтініш жасалған ай болып есептеледі.

Кеңесті мына нөмірлер бойынша алуға болады: 30-02-24, 30-01-69, 8-708-436-06-45.