
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушылар үшін 2021 жылдың бірінші тоқсанында автоматты түрде жалғасады. Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналуына жол бермейді.
Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде хабарлағандай, әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректер тексеріледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің болуы, кірістер және т.б. халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкестігін тексереді.
Егер отбасы құрамы өзгерген жағдайда, өтініш берушіге Бұқар жырау даңғылы, 51/4, тел.: 99-64-02, 99-64-04 мекенжайы бойынша "Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ хабарлау қажет.
Атаулы әлеуметтік көмекті 2020 жылдың төртінші тоқсанында алмаған азаматтарға АӘК алғаш рет тағайындау үшін өтінішті egov.kz порталы арқылы жолдау қажет. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы құжаттардың АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкестігін тексереді. Учаскелік комиссия отбасының материалдық-тұрмыстық тексеру актісін жасайды, оның нәтижелері бойынша АӘК тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылданады.