Қарағандыда әскери лазарет халыққа қызмет көрсетеді

Қарағандыда әскери лазарет халыққа қызмет көрсетеді

Қарағанды гарнизонының әскери лазареті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсетеді. Мекеме "Даму" порталына қол жеткізді.

Өткен жылдың соңында стационарда 20 адам емделді. Осы жылға пациенттерді стационарлық емдеуге, тар шеңберлі мамандардың консультациясына және зертханалық тексеруге өтінім берілді.

Әскери лазареттің дәрігерлері мен медбикелері облыстық клиникалық аурухана базасында, Денсаулық сақтау басқармасында және өңірлік ақпараттық-талдау орталығында оқытудан және мамандандырудан өтті. Мекеме қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған.