Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы Абайдың 175 жылдығына арналған театрландырылған онлайн сабақ дайындады

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы Абайдың 175 жылдығына арналған театрландырылған онлайн сабақ дайындады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған театрландырылған сабақ өткізді. Шараны экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Снежана Черкаева ұйымдастырды.

Сабақта ұлы ақынның өмірі мен суретшілердің шығармашылығынан шабыт алған өнер туындылары туралы әңгіме болды.

Көрермендерге қарағандылық кескіндемеші Андрей Осипенконың "Абай" триптихы және кеншілер қаласының белгілі суретшісі Вениамин Шамшиннің "Абай сөзі" картинасы ұсынылды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Исатай Исабаевтың графикалық жұмысы мен Айдар Қалмахановтың шағын мүсіні Абайдың ұлы ойшыл ретіндегі бейнесін ашты.

Театрландырылған қойылымға №1 Балалар музыка мектебінің оқушысы Алдияр Нөгербеков, №10 ЖББОМ 2-сынып оқушысы, сондай-ақ мұражай қызметкерлері Александр Гехт пен Дәмели Қадырқұлова қатысты.

Сабақтың музыкалық сүйемелдеуі - Алдияр Нөгербеков.

Барлық сабақты Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының Facebook парақшасынан көруге болады.