
Нұр-Сұлтан қаласының қалалық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға дауыс беру нәтижелерін жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы шеңберінде сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын қорытындылады.
«Дауыс беруге қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жалпы саны 351 құрады. Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлерге берілген бюллетеньдердің саны: Сауытбек Абдрахманов - 298; Аветик Амирханян - 270; Ілияс Буларов - 274; Наталья Дементьева - 292; Юрий Ли - 282; Вакиль Набиев - 285; Шамиль Осин - 271; Владимир Тохтасунов - 277; Абилфас Хамедов - 290», - деп хабарлады сайлау комиссиясының мүшелері.
Төрт бюллетень жарамсыз деп танылды.
Сессия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тоғыз үміткер анықталды:
1. Сауытбек Абдрахманов - Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі.
2. Аветик Амирханян - Батыс Қазақстан облысының «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
3. Буларов Ильяс - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортобинск ауылдық округінің әкімі.
4. Наталья Дементьева - Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ директоры.
5. Юрий Ли - «Қазақстанның ұлттық коллекционерлер палатасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі.
6. Вакиль Набиев - «Барбанг» күрттер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі.
7. Шамиль Осин - «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі, АНК мүшесі.
8. Владимир Тохтасунов - «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры.
9. Абилфас Хамедов - «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.