
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры 14 қаңтарда қала тұрғындары мен қонақтарын «Ескі Жаңа жыл» атты концертінде күтеді.
Қызыл залда театр оркестрі көрермендерге Әділ Серкебаев, Иоганн Штраус, Петр Чайковский, Евгений Птичкин және басқа да белгілі авторлардың шығармаларын орындайды. Бұл кеште театр әртістері Маржан Буланова мен Даниил Цыганкин жеке орындаушылар ретінде болады. Олар театр оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.
Концертте Абзал Мұхитдиннің «Гүлдер биі», Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен «Марш» және «Трепак» үзінділері, Иоганн Шраустың «На охоте» полькасы, Әділ Серкебаевтың Happy New year, Алиби Абдинуровтың «Аққу домбырасы», Евгений Брусиловскийдің «Шашу», Эдуард Ханоктың «Қыс» шығармалары мен тағы басқа туындылар орындалады.
Басталуы 18.30-да. Көпшіліктің сұранысы бойынша ескі жаңа жылдық концерт 17 қаңтарда сағат 17.00-де қайтаналады.
Театр санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы еске салады. Залдағы көрермен саны шектеулі - 50 адамнан аспайды. Кіру қатаң түрде бетпердемен.