Сағат 12-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың келуі туралы ҚР ОСК хабарлады

Сағат 12-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың келуі туралы ҚР ОСК хабарлады

Сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстанда 2021 жылғы 10 қаңтардағы 12.00-дегі жағдай бойынша бюллетеньдерді тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 28,8%-ы алды. Қарағанды облысында сайлаушылардың 33,5%-ы өз дауыстарын берді.

Айта кетейік, өңірде 778 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Барлығы 920,4 мың сайлаушы тіркелген. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады, содан кейін дауыстарды санау басталады.

Сайлаушылардың республика мен облысқа келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 22.00-де белгілі болады