
Биыл Қарағандыдағы көп қабатты үйлерде жұмыс істемейтін лифтілерді ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасады. 2020 жылы облыс бойынша 102 жаңа көтергіш орнатылды.
Мәселен, Қарағандыда 65 лифт, Теміртауда - 30, Балқашта - 3, Сәтбаевта - 2, Шахтинск пен Жезқазғанда - бір-бірден ауыстырылды.
Жаңа лифтілер 25 жылға есептелген.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ 2019 жылы жұмыс істемейтін көтергіштерді ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы Меморандумға қол қойды. Лифт үшін көпқабатты үйдің тұрғындары 8 жыл бойы төлейтін болады. Ай сайынғы төлем сомасы пәтердің ауданына байланысты.
- Лифтілердің сақталуы үшін біз міндетті түрде электр кабельдерін ауыстырамыз, есептеу құралдарын қоямыз. Бұзақылардан қорғау үшін машина бөлімшелерінде жақсы құлыптары бар жаңа есіктерді орнатамыз, тұрғындардың қалауы бойынша дабыл да жасай аламыз, - дейді Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры Данияр Дүйсембаев.
2021 жылы өңірдің көп қабатты тұрғын үйлерінде 100 лифт орнату қарастырылған.