
Қарағанды облысында Нұра ауданының елді мекендерінің бойында Нұра өзеніне санация жүргізу жоспарлануда. Қазір жұмыс жобасы әзірленуде. Аталмыш мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар 1 ақпанға тағайындалды. Шара Нұра ауданы әкімдігінің ғимаратында (Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 41) өтеді.
Жобалық құжаттаманың тапсырыс берушісі Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы болып табылады.
Өзен ұзындығы 13 шақырымды құрайды.
Жобаны іске асыру өзен арнасын тазартуға және аумақты су тасқынынан қорғауға мүмкіндік береді.
Ескертулер мен ұсыныстарды электрондық поштаға жіберуге болады: pr.resurs@mail.ru, jkh_nurinskii@mail.ru.
Қоғамдық тыңдаудың басталуы сағат 11.00. Санитарлық-карантиндік талаптарға байланысты онлайн-формат жоспарлануда.
Толығырақ басқарма сайтында: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat.