"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жас қызметкері Nur Qadam-2020 сыйлығын алды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жас қызметкері Nur Qadam-2020 сыйлығын алды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Т. Күзембаев атындағы шахтаның желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері Жәнібек Нұркешов Қарағанды әкімінің Nur Qadam-2020 сыйлығына ие болды. Ол 14-29 жас аралығындағы жастарға кәсіби және қоғамдық қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін беріледі.

Байқауда жеті номинация қарастырылған: "Жылдың жас көшбасшысы", "Жылдың жас педагогы", "Жылдың жас спортшысы", "Жылдың жас дәрігері", "Жылдың жас жұмысшысы", "Жылдың жас еріктісі" және "Жылдың үздік стартап-жобасы".

Т. Күзембаев шахтасы Nur Qadam-2020 сыйлығына кеншінің ұсынылуын қолдады.

- Біздің қаламызда түрлі салада жұмыс істейтін жастарға көп көңіл бөлінеді. Мені финалистер қатарына іріктеп, сұхбат алып, содан кейін сыйлық беруге шақырды. Мен байқаудың басқа қатысушыларымен таныстым. Бұл мені басқа бағыттарда дамуға ынталандырды, мысалы - волонтерлікпен айналысу және адамдарға көмектесу, - деп бөлісті Жәнібек Нұркешов.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша