
Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сыныпқа түсу үшін конкурстық іріктеуге құжаттар қабылдануда. Ол 23 қаңтарға дейін жалғасады.
Қабылдау комиссиясы дүйсенбіден сенбіге дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Үзіліс 12.30-дан 13.30-ға дейін.
Карантиндік шектеулер кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және санитарлық талаптарды сақтау мақсатында мектепке баратын күні мен уақытын алдын ала брондауға мүмкіндік беретін онлайн-брондау сервисі құрылды. Ол үшін келесі әрекеттер ету қажет:
- krg.nis.edu.kz сайтын ашу;
- "үміткерлерге" бөліміне кіру;
- "қабылдау комиссиясына баруға кезекті брондауды" таңдау;
- құжаттарды тапсыру үшін мектепке бару күні мен уақытын күнтізбеде анықтау.
Сондай-ақ конкурс және құжаттар тізбесі туралы толық ақпаратты krg.nis.edu.kz сайтынан, "үміткерлерге" бөлімінде білуге болады.
Мектеп мекен-жайы: Шахтерлер даңғылы, 62. Анықтама телефоны: (8-7212) 55-88-80.