
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатында Конвертерлік цехта жаңа машина орнатылды. Заманауи жабдықтар өндірістің сенімділігін арттырады.
"Конвертер цехында украиндық өндірістің жаңа үйме машинасының монтажы аяқталды. Қазір оны пайдалануға беру жүріп жатыр. Жаңа жабдықты орнату үшін барлық құжаттарға өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінде және ТЖ министрлігінде қол қойылды", - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Украиндық мамандар іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесіп, жергілікті жұмыскерлерді оқытып шығарды.
- Біздің машина 90 тоннадан екі реттік көтеруге есептелген. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілінің қатысуымен динамикалық және статикалық сынақтар жүргізілді. Олар бүкіл машинаны аралап, барлық тиісті құжаттар мен актілерге қол қойды", - деді Конвертер цехының механикалық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бөлімінің бастығы Михаил Тюменцев.