
"Алтын ғасыр" галереясында ұйымдастырылған қарағандылық суретші Сергей Щеголихиннің жеке экспозициясынан көрермендер қала пейзаждарын, тұрмыстық көріністерді, портреттерді тамашалай алады. Мұнда әр жылдардағы жұмыстар ұсынылады.
Сергей Щеголихин - кеншілер шаһарының ең қызықты суретшілерінің бірі. Оның алғашқы көрмесі 1978 жылы өтті. Шебердің жұмыстары тек Қарағандыда ғана емес, Қазақстанның көптеген қалалары мен жақын шетелдерде қойылған.
Суретші Кемерово облысының тумасы, бірақ өмірінің басым бөлігін Қарағандыда өткізген. Ленинградтағы Бүкілодақтық есту қабілеті төмен жандар қоғамы жанындағы өнер бөлімін бітірді. "Асбестцемент" зауытында суретші болып жұмыс істеген. Нашар еститіндерге арналған интернатта бейнелеу өнерінен сабақ берді.
Сергей Щеголихин - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі. Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен марапатталған
"Жылдың үздік суретшісі".
Сергей Даниловичтің құлағы естімейді, бірақ табиғатынан оған сурет салу өнері дарыған. Щеголихин үшін туындылардағы түс негізгі экспрессивті құрал болып табылады. Сол арқылы табиғат жағдайын, көңіл-күйді жеткіземін дейді, суретші.
Көрме 7 қаңтарда сағат 16.00-де ашылып, 20 қаңтарға дейін жалғасады.
"Алтын ғасыр" галереясының жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.