
Қарағандылықтарды, классикалық музыка мен джаз әуесқойларын Рождестволық және жаңа жылдық концерттер күтеді.
Рождестволық концерт ұйымдастыру Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жақсы дәстүріне айналды. Е.Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр 9 қаңтар күні сағат 15.00-де және 16 қаңтар күні сағат 17.00-де "Шалқыма" концерт залында классикалық музыканың ғажайып әлемін тамашалауға шақырады.
Бұл кеште Леонард Бернстайн, Жорж Бизе, Джоаккино Россини, Эдуард Элгар, Лерой Андерсон, Иоганн Штраус және басқа да танымал композиторлардың шығармалары орындалады.
Дирижер - халықаралық байқаулардың лауреаты Пак Юн Хван.
Сондай-ақ, 9 қаңтарда сағат 17.00-де циркте джаз оркестрінің "Қысқы хиттер" жаңа жылдық концерті өтеді.
Солист - джаз фестивалінің лауреаты Ксения Николаева.
Дирижер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.
Залдардағы қонақтар саны шектеулі - 50-ден аспайды.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.