Қарағанды музыкалық комедия театры концерттерге шақырады

Қарағанды музыкалық комедия театры концерттерге шақырады

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында 9 және 10 қаңтарда камералық аспаптық музыка концерттері өтеді, онда классика жауһарлары да, заманауи хиттер де шырқалады. Атап айтқанда, театрдың Қызыл залында "Кариб теңізінің қарақшылары" фильміне Клаус Бадельттің әйгілі композициясы орындалады.

Бағдарламада Петр Чайковскийдің шығармалары: "Щелкунчик" балетінен марш және испан биі, "Аққу көлі" балетінен вальс. Сондай-ақ, көрермендер Сергей Прокофьев, Иоганн Штраус, Абзал Мұхитдинов, Серік Еркімбеков, Карл Дженкинс, Астор Пьяцолла, Эндрю Ллойд Уэббер, Клаус Бадельт және Музыка әлеміндегі басқа да танымал тұлғалардың туындыларын тыңдай алады.

Басталуы 17.00.

Залда отыратын орындар саны шектеулі - 50-ден аспайды.