
Қарағанды қаласының Saryarka үстел теннисі орталығында қаңтар айында екі маңызды жарыс өткізіледі. Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу жарысы 7-10 қаңтарда өтеді. Ал 11-нен 17-не дейін теннисшілер республиканың жеке командалық чемпионатында үздік атағы үшін бақ таластырады.
Жаңа теннис орталығында коронавирустық инфекцияға байланысты көп айлық үзілістен кейін Қазақстанның барлық мықты спортшылары жиналады. Чемпионаттың командалық жарыстарында жұптық және аралас разрядтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, облыс орталықтарының теннисшілері ойнайды.
Атақты шағын ракетка шеберлерінің қатысуымен қызықты матчтар күтілуде.
Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпараты бойынша