
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп жаңа сервисті іске асырды. Бұдан былай қазақстандықтар үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады.
ЖК бірнеше рет басу арқылы ашуға болады. «ЖК болу» сілтемесі бойынша өту жеткілікті. Одан кейін жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ, ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды. Қызмет композитті екенін атап өту маңызды, яғни өтініш берушілер ЖК-ны онлайн тіркеп, ЖК-да шотты бірден бір терезеде аша алады.
- Біз мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша жеңілдету бойынша жұмыс істеп жатырмыз және қазақстандықтарға ЖК тіркеудің баламалы тәсілін ұсынудамыз, - деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Бұдан басқа, ЖК ашқаннан кейін санаулы минуттарда кәсіпкерлер банкте шот ашып, корпоративтік карта шығарып, Onlinebank бизнесіне арналған мобильді қосымшасы арқылы өз шоттары мен карталарын қашықтан басқара алады.
- Onlinebank бизнеске арналған қосымшасы бизнестің жұмыс істеуі үшін көптеген пайдалы және ыңғайлы сервистермен жабдықталған. Бізбен бизнес клиенттер шоттарды басқара алады, 24/7 өзара есеп айырысуды жүргізе алады, шоттар бойынша барлық қажетті ақпаратты лезде ала алады, бизнесті тегін сауда алаңында дамыта алады, онлайн бухгалтерияны жүргізе алады. Бұл бастаушы ЖК үшін өте маңызды. Біздің сервис салықтардың, аударымдардың сомасын дербес есептейді, сондай-ақ мағлұмдаманы МКБ-ға жібереді, - дейді Halyk Bank Транзакциялық сату департаментінің директоры Гүлсім Душатова.
ЖК Halyk Bank қосымшасы арқылы тіркелуі ЖК болуын тексеру, ЖК қызметінің басталуы туралы хабарламаны және талонды қалыптастыру бойынша қосымша сервистерді құрудың арқасында мүмкін болды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен, Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қорымен және Банкпен біріктіру арқылы жүргізілді.
Сервис веб-нұсқасынан да, Onlinebank бизнесіне арналған мобильді қосымшасынан да қолжетімді. Қосымша Play Market және App Store-да жүктеуге болады.
Анықтама: Қызметті алу үшін азамат openaccount.halykbank.kz сілтемесіне өту немесе бизнеске арналған Onlinebank қосымшасын жүктеу қажет. Бұдан әрі тиісті қызметті таңдап, өз бизнесіңіз туралы ең қажетті ақпаратты толтырасыз. Содан кейін ғана ЖК бірден тіркелетін болады.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ақпараты бойынша