
Нұра ауданының Баршын ауылында коворкинг-орталық ашылды. Ол жастардың шығармашылық идеялары мен өзін-өзі дамытуға арналған алаң болады.
Орталық жергілікті әкімдік ғимаратында орналасқан. Келушілер барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып қабылданады.
- Осы уақытқа дейін мұндай коворкинг-орталық тек Нұра кентінде болатын. Енді Баршын ауылында да бар. Жастар сапалы бос уақыт пен білім алуға тиіс. Мемлекет бұл үшін барлық жағдайды жасауда, - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Қадыр Шабанбаев.
Орталықта жастар демалып қана қоймай, өз жобаларын жүзеге асырып, кездесулер, тренингтер, келіссөздер, шеберлік сабақтар мен семинарлар өткізе алады. Мұнда демалыс, шығармашылық және өзін-өзі дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Тегін интернет және қажетті жабдықтар бар. Сондай-ақ, үстел және компьютерлік ойындар ойнауға болады.