Қарағанды облысында 2020 жылғы спорт саласындағы жетістіктер қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында 2020 жылғы спорт саласындағы жетістіктер қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында спорттың 100 түрі дамып келеді. 45 спорт мектебі жұмыс істейді. Секцияларға 146 015 балалар мен жасөспірімдер қатысады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев айтып берді.

Қорытынды шығаруға арналған іс-шара Н. Әбдіров атындағы спорт сарайында өтті.

- Жыл басынан бері облыста 45 жарыс, оның ішінде 18 Қазақстан Республикасының чемпионаты, 18 ұлттық және 9 халықаралық турнир өткізілді. Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында жаңа жылдан бастап аудандарда "Қайрат" мектебінің филиалдарын ашамыз. Балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін жаңа жобалар іске қосылды. Мысалы, биыл спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен спорт нұсқаушылары "Аула-фит" бағдарламасын жүзеге асырды, - деп хабарлады Темірхан Абылаев.

Қазақстан Республикасы құрамасының қатарына біздің облыстың 1 471 тұрғыны кірді. Қарағандылық төрт спортшы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысуға үш лицензия жеңіп алды. Паралимпиада ойындарында бес қарағандылық өнер көрсете алады.

Карантин жарияланғанға дейін біздің спортшылар бірнеше ірі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Үздік спортшыларға шәкіртақы тағайындалды.

Осы жылдың басында Қарағанды облысында спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жол картасы қабылданды. Ал бүгінде жоспарланған жұмыстың көп бөлігі жасалды деп айтуға болады. Қарағандыда шаңғы базасы жөнделіп, қысқы спорт түрлері мектебінің роликодромы түбегейлі қайта құрудан өтті. "Қарағанды-Арена" мұз сарайында канадалық алаң орнатылды. Жеңіл атлетикадан олимпиадалық резерв мектебінде ғимарат, манеж және оған іргелес аумақ жаңартылды. Теннис орталығы мен үстел теннисі орталығы ашылды.

Теміртауда төрт спорт нысаны жөнделді. Олардың қатарында есу спорты мектебі үшін жағалау сызығын қайта жаңарту қарастырылған. Саран және Жезқазған спорт мектептері де назардан тыс қалған жоқ.

Қарқаралы ауданында спорт мектебі пайдалануға берілді. "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы аясында Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылында спорт кешені салынуда. Қарағандыда екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен триатлон паркінің құрылысы жүріп жатыр.

- Спорт нысандарын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру 10 еседен астам ұлғайды. Спорт басқармасы облыс әкімдігімен бірлесіп көптеген спорт нысандарын ретке келтірді. Бұл біздің облыс спортшыларының жетістіктеріне де әсер етеді. Келесі жылы спорт нұсқаушылары үшін қосымша жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жақсы жаттықтырушыларсыз жақсы нәтиже болмайды, - деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Іс-шара барысында карантин және төтенше жағдай кезіндегі жұмысқа байланысты номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Мүсіншелер және грамоталармен облыстың спорттық өмірінің ең белсенді қатысушылары атап өтілді. Номинанттар арасында "Шахтер" ФК да бар. Биыл ол Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында төртінші орын алды. Команда келесі маусымда еурокубоктарда отандық футболды таныстыру мүмкіндігіне ие болды. "Құрметті спорт қайраткері" белгісі бапкер Орал Жұмағалиевке табысталды.