
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Даниал Сағымбаев "Менің елімнің бір күні" халықаралық мегажобасының жүлдегері атанды. Оқушы бейнесюжеттер байқауына қатысты. Өз жұмысында ол экология мәселелерін көтерді.
- Менің жобам теңіздер мен өзендердің кебуі, қоқыс мәселесі, ормандардың жойылуы, жаһандық жылыну және техногендік апаттар сияқты тақырыптарға арналды. Менің бейнемнің мақсаты - адамдарға біздің әрекеттеріміз табиғатқа қалай теріс әсер ететінін және қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсету, - деді Даниал.
Қарағанды НЗМ оқушысы ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі - география пәнінің мұғалімі Гүлназ Жомартова. Байқауға 400-ден астам адам қатысты. Оның міндеті - балалар мен жастарды Жер туралы ғылымдарға баулу, олардың қоршаған әлем мен табиғи ресурстарды зерттеуге деген қызығушылығын арттыру.