30 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Восточная" ОБФ құрылғанына 40 жыл толғанын атап өтті. Осы іс-шараның құрметіне кәсіпорынның үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыс етілді.
Фабрика қызметкерлері I және II дәрежелі "Еңбек Даңқы" және III дәрежелі "Еңбек Даңқы" төсбелгілеріне ие болды. Марапатталғандардың ішінде кептіру қондырғыларының машинисі Наталья Шестакова бар. Ол еңбек әулетінің өкілі. ОБФ-да 12 жыл жұмыс істейді. Жүк тиеу цехының жүкшісі Қамбар Сағиевтің де еңбегі атап өтілді. Ол "Еңбек Даңқы" белгісінің толық кавалері болды. Фабрикада 37 жыл жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда ОБФ-да 485 адам жұмыс істейді.
2010 жылдан бастап кәсіпорында жаңғырту жобалары іске асырылуда. Осылайша, келесідей жаңа жабдықтар енгізілді: гидросайзер, флотомашиналар, олар көмір концентратының шығуын ұлғайтуға және шығару бойынша айына 200 мың тоннадан астам көлемді алуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда ОБФ-да орта есеппен айына 200-ден 220 мың тоннаға дейін көмір концентраты шығарылады. Орташа алғанда бұл жылына 2,5 млн тонна концентрат.
Кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмайды, өндіріс өсіп, әлемдік инновациялар енгізілуде.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша»