2020 жылы Қарағанды облысының 24 мыңнан астам тұрғыны АӘК алды

2020 жылы Қарағанды облысының 24 мыңнан астам тұрғыны АӘК алды

Биылғы жылы Қарағанды облысының 5 133 отбасынан 24 мыңнан астам адам 1,6 млрд теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек алды.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардан шыққан 7 027 мектеп жасына дейінгі (бір жастан алты жасқа дейінгі) бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен - азық-түлік жиынтығымен және тұрмыстық химиямен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, IV тоқсанда облыстың 3 235 отбасының 15 072 тұрғынына мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылды.

Бұдан бұрын АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шаралардың әсеріне байланысты II және III тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша