
Қарағанды облысы ТЖ департаменті "Құлыншақ" балалар үйінің тәрбиеленушілері мен бүкіл ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Құтқарушылар бірнеше жылдан бері балаларға көмектесіп келеді.
Олар мүмкіндігінше тұрмыстық мәселелерді шешеді, мерекелерді өткізуге қатысады. Ең құндысы - балалармен сөйлесу. Ең сиқырлы мереке алдында құтқарушылар өздерінің кішкентай достары туралы ұмытқан жоқ. "Құлыншақ" балалар үйінің тәрбиеленушілері тәтті сыйлықтарға ие болды.
"Жаңа жыл - сиқырлы мереке, бұл уақытта балалар ғажайыпты күтеді және ертегіге сенеді. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға өз махаббатының бір бөлігін сыйлау, жылдың басты мерекесін одан да бақытты және мейірімді ету біздің қолымызда", - дейді құтқарушылар.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша