Қарағанды облысында алып аққала жасалды

Қарағанды облысында алып аққала жасалды

Қарағанды облысында биіктігі екі қабатты үймен бірдей аққала жасалды. Қар мүсіндерінің байқауы түзеу колонияларының бірінде ұйымдастырылды. Сотталғандар шығармашылық ойларын ортаға салып, өзара жарысты.

Байқаудың басты ерекшелігі - алып аққала болды. Оның биіктігі бес метрге жуық. Фигураны жасау үшін тіреуіштерді орнатып, мекеменің барлық аумағынан қар жинауға тура келді. Олар ақщаланы бірнеше күн бойы бүкіл топпен бірігіп жасады.

- Алдымен біз қарды сүйреп, оны тығыздап алдық. Содан кейін күрек пен шпатель көмегімен негізін қалабық. Қардан жасалған шардың диаметрі екі метр болды, сондықтан қалған екеуін қалай салу керектігін ойластырдық. Ол үшін құрылыс ағаштарын қолдандық. Блоктар мұз езіндісімен бекітілді, - дейді шеберлердің бірі.

АК-159/17 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Еркін Рсалдиннің айтуынша, байқау жеңімпаздары сыйлықтар алады.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша