
Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы "Менің отбасымдағы Жеңіс күні" акциясына қатысушылардың шығармашылық жұмыстарынан тұратын электронды жинақ шығарды. Байқауға қатысушылар отбасылық мұрағаттарды, Ұлы Отан соғысының ардагер-туыстарының өмірбаяндарын зерттеді. Барлығы 36 жұмыс ұсынылды.
"Басты мақсат балаларды жақын туыстары - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тарихына отбасылық мұрағаттарды зерттеу арқылы тарту болды", - деп хабарлады кітапханада.
Жинақтың бейнешолуын кітапхана сайтынан және Instagram-дағы @odb_abai парақшасынан көруге болады. Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың барлығына кітаптың электронды нұсқасы жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, "Менің отбасымдағы Жеңіс күні" виртуалды акциясын Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы 15-ші сәуірде іске қосты және ол 30 қарашаға дейін жалғасты. Оған Қарағанды өңірінің тұрғындары жасына қарамастан қатыса алды. Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері де өз жұмыстарын кітапханаға жіберген. Басты шарт - Instagram-дағы @odb_ abai парақшасына жазылу болды.