Балқаш қаласының әкімдігінен 200-ден астам бала жаңа жылдық сыйлықтар алды

Балқаш қаласының әкімдігінен 200-ден астам бала жаңа жылдық сыйлықтар алды

Жаңа жыл алдында Балқаш қаласы әкімінің аппараты балаларды қуанту туралы шегім қабылдаған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп, балаларды құттықтауға аттанды.

Тәтті сыйлықтар 6 жастан 14 жасқа дейінгі 141 балаға, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар 80 балаға берілді. Сонымен қатар, материалдық көмек берілді. 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 250 балқаштық бүлдіршіндер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 97 бала 5 000 теңгеден алды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

- Биыл шырша болмайды, сондықтан біз балаларды осылай қуантуды шештік, - деп атап өтті Әлеуметтік қызметкер Елена Коншина.

Айта кету керек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған төрт бала Қазақстан Президентінен жаңа жылдық сыйлықтарын алды.

http://orken.media ақпараты бойынша