Балқашта тағы 92 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға ие болды

Балқашта тағы 92 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға ие болды

Жаңа жыл қарсаңында Балқаштың 92 отбасы баспаналы болды. Көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, жетім балаларға және т. б. пәтер кілттері табысталды.

Бақытты жаңа қоныстанушылар арасында 39 жастағы Бақыт Машенова - тоғыз баланың анасы. Ең үлкен баласы – 19 жаста, ал ең кішісі 7 айлық нәресте. Күйеуінің табысы жалдамалы пәтерді төлеу үшін жеткіліксіз болды. Ал бүгін, әйелдің айтуынша, оның өміріндегі ең бақытты күндердің бірі болды. Отбасы төрт бөлмелі үй алды. Бұл үйде олармен көршілес пәтер Әбдірбаевтар жанұясына берілді. Олардың алты баласы бар.

Үйлер көп балалы отбасылар үшін жеке инвестордың ақшасына арнайы салынған. Содан кейін әкімдік оларды сатып алды.

- Осындай үй бергені үшін рахмет айтамыз! Соңында балалардың өз бөлмесі болады. Баршаңызға осындай бақыт тілеймін. Біз бұл туралы ұзақ уақыт армандадық, - деп қуанышымен бөлісті жаңа үйдің иесі Анар Әбдірбаева.

Екінші үлкен қоныс Балқаш қаласының 10-шы шағын ауданындағы №18 үйде. 45 пәтерлі үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынды. Жалға берілетін тұрғын үйлер мұқтаж балқаштықтарға таратылды. Оның 9-ы жетім, 18-і мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Толық емес отбасылар мен ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар тағы 18 пәтер алды.

Қала әкімі Ораз Тәуірбеков пәтер кілттерін табыстады.

- Мен бүгін осы бақытты сәтті сіздермен бөліскеніме шын жүректен қуаныштымын. Үйлеріңіз әрқашан жылы және жарық болсын! - деп балқаштықтарды қоныс тойымен Ораз Тәуірбеков құттықтады.

Бес қабатты ғимаратқа қарама-қарсы жаңа тұрғындар қоныстанды. Олар өткен аптада №19 үйдегі пәтер кілттерін алды. 45 пәтерлі үй «Нұрлы жер» бағдарламасының кредиттік бағыты бойынша салынды. Тұрғын үй депозиті бар кезекте тұрғандарға 35 пәтер берілді. Олардың шоттарында пәтер құнының 20%-ы болып, конкурстан өтті. Жаңа қоныстанушылар арасында жалғызбасты аналар, жетімдер, дәрігерлер мен оқытушылар бар.

2020 жылы барлығы 160 мұқтаж балқаштықтар көптен күткен баспаналы болды. Олардың көпшілігін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қордан тұрғын үймен қамтамасыз етті, «Қазақмыс» корпорациясы өзінің көп балалы қызметкерлері үшін 46 пәтер мен үй сатып алды. Тағы екі пәтерді Балқаштың жанашыр кәсіпкерлері ауған жауынгері мен көпбалалы жесір әйеліне сатып алды.