Қарағанды қаласының "Жас ұлан" мектебінің курсанты әлеуметтік плакаттар байқауында жеңіске жетті

Қарағанды қаласының "Жас ұлан" мектебінің курсанты әлеуметтік плакаттар байқауында жеңіске жетті

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды Республикалық "Жас ұлан" мектебінің тәрбиеленушісі Дидар Құрбанбұрат тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша әлеуметтік плакат байқауында бірінші орын алды. Жұмыстарды кәсіби суретшілер бағалады.

Байқаудың ұйымдастырушысы "Детство" мемлекеттік емес мекемесі болды.

- Бала кезімнен сурет салумен айналысамын. Менің плакатым зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне тек отбасында ғана емес, жасөспірімдер арасында да назар аударғылғанын қаладым. Тек бірлессек қана біз қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесе аламыз. Мен баршаны қауіп немесе зорлық-зомбылық жағдайында үндемеуге, көмек пен қолдау сұрауға шақырамын! - дейді Дидар Құрбанбұрат.

Жеңімпаз дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.