Қарағанды джаз-оркестрі «Қысқы хиттер» концертіне шақырады

Қарағанды джаз-оркестрі «Қысқы хиттер» концертіне шақырады

Қали Байжанов атындағы ұжым нағыз сиқырлы жаңа жылдық концерт дайындады. Оркестр өз көрермендерін 28 және 29 желтоқсанда циркте күтеді.

Концерттердің басталуы сағат 18.00.

Биг-Бенд музыканттарының орындауында кинофильмдерден таныс әуендер мен жаңа жылдық тақырыптағы танымал эстрадалық композициялар орындалады.

Бұл кеште джаз фестивалінің лауреаты Ксения Николаева ән шырқайды.

Джаз оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко дирижерлік етеді.

Билеттерді сату: 41-13-14, 41-22-30.

Залдағы көрермендер саны шектеулі - 50 адамнан аспауы тиіс.