
Қағазбастылықты азайту және ашықтықты арттыру. Қарағанды облысында "Үлгілі сот" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін сот ғимараттарында фронт-кеңселер ашылады. Бұл келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Фронт-кеңсе кедергісіз жұмыс принципіне, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жұмыстың жаңа түрін енгізу облыс орталығынан басталды. Фронт-кеңселер көп құрамды соттарда жұмыс істейді. Енді қайта құру ауыл тұрғындарына да жетті. Бұқар Жырау және Қарқаралы соттарында бір мезгілде фронт-кеңселер ашылды.
Сотқа келген адам қажетті ақпаратты тез алып, құжаттарды тапсырып, басқа мәселелерді шешуі үшін барлық жағдай жасалған. Фронт-кеңседе ақпараттық орталық, кіріс кеңсе аймағы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Келушілер wi-fi желісін және гаджет зарядтағыштарын пайдалана алады. Медиаторлар мен адвокаттар үшін арнайы кабинеттер құрылды.
"Фронт-кеңселер ұсынатын қызметтерді келушілер санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін пайдалана алады", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.