Абай ауданының үш көпбалалы отбасы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алды

Абай ауданының үш көпбалалы отбасы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алды

Абай ауданының Топар кентінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша үш көп балалы отбасыға пәтер кілті табысталды. Тұрғын үйлер жөндеуді қажет етпейді және жайлы.

Жалпы ауданы 60 шаршы метрден кем емес пәтерлер сатып алу құқығынсыз тапсырылады. Олардың бірін көп балалы Диянововтар отбасы алды.

- Біз мемлекеттік стандарттар бойынша салынған кең тұрғын үйге қоныстанып жатқанымызға қуаныштымыз. Үйдің жанында мектеп, балабақша және аурухана бар. Біздің үйіміз қуаныш пен балалардың күлкісіне толы болғанын қалаймыз, - дейді бақытты қоныс иесі Индира Диянова.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай ауданында қайырымдылық акциясы өтті. 30 аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығын алды.

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Сейфуллинаның айтуынша, жергілікті кәсіпкерлердің, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер мен жергілікті ұйымдардың қолдауымен осы жыл ішінде 3 630 аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 15,7 млн теңгеге көмек көрсетілді. Оның ішінде 1556 адам азық-түлік тауарларымен, 725 адамға көкөніс, 270 отбасыға ет, 50 адамға қымыз, 566 адамға тәттілер табыс етілді. Сонымен қатар, 18 адам көмір, 50 адам қажетті тұрмыстық заттар, 118 адам ақшамен материалдық көмек алды.

ortalyq.kz