
Бүгін, 24 желтоқсанда Жаңа жылдың басты нышаны - мерекелік шыршаны жағу салтанатты өтеді. Пандемияға байланысты іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылады.
Мерекелік іс-шараны Қарағанды қаласының әкімдігі мен ішкі саясат бөлімінің ресми парақшаларынан көруге болады. Instagram: @akimat_qaragandy, Facebook: Қарағанды Ішкі Саясат Бөлімі.
Шыршаны жағу Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен өтеді.
Тікелей эфирдің басталуы 18.00-де.
Қарағанды әкімдігі қалалықтардан мұндай шешімге түсіністікпен қарауды сұрайды.