Қарағанды облысында медициналық оңалтудан өтуді қаржыландыру үш есеге артты

Қарағанды облысында медициналық оңалтудан өтуді қаржыландыру үш есеге артты

Қарағанды облысында 2020 жылы медициналық оңалтуды қаржыландыру 3 есеге артты. Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев тікелей эфирде өткен брифингте МӘМС жүйесін енгізудің 2020 жылғы қорытындылары туралы айтып берді.

2020 жылға Қор медициналық қызметтерді сатып алуды электрондық форматта жүргізді, бұл жеткізушілердің Қор қызметкерлерімен және комиссия мүшелерімен тікелей байланысын жоққа шығарды. Қордың филиалы 2020 жылы өңірдегі 103 медициналық көмек берушімен медициналық қызметтерді сатып алу бойынша 292 шарт жасасты. Оның ішінде: амбулаториялық-емханалық көмек бойынша - 116 шарт, стационарлық көмек – 170 шарт және әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде көмек көрсетуге – 4 шарт.

Бүгінгі таңда өңірдің бюджеті 119,5 млрд теңгені құрайды, оның ішінде ТМККК - 87,1 млрд теңге, МӘМС жүйесінде - 32,4 млрд теңге. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 33,8%-ға өсті.

Пандемия жағдайында және COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында өңірде медициналық қызметтерге ақы төлеуге 19,6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде: ПТР жүргізу және КВИ бар науқастарды емдеу шығындарын өтеуге - 6,7 млрд теңге, медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақылары - 12,9 млрд теңге.

- Биыл алғаш рет МӘМС қаражаты есебінен мектеп медицинасын жеке қаржыландыру қарастырылған, консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыру көлемі айтарлықтай кеңейтілген (12,3 млрд теңгеге дейін), бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 есе көп. Сондай-ақ, МӘМС енгізілгеннен кейін медициналық оңалтуды қаржыландыру көлемі 3 есеге (3,7 млрд теңге); стационарды алмастыратын көмек көлемі 1,6 есеге (5 млрд теңге) артты, - деп толықтырды Фазыл Копобаев.