Қарағанды қаласының №92 гимназиясына Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді

Қарағанды қаласының №92 гимназиясына Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді

Қарағанды қаласының №92 гимназиясына Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. Сондай-ақ мектепте оның шығармашылығы мен қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндайтын мұражай-зал ашылды.

"Қарағандының орталығында орналасқан біздің гимназияға жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. Біз бұл есімді мақтанышпен алып жүреміз", - деп хабарлады мектеп әкімшілігі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында гимназияда Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, "Алаш ардақтысы" Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай залы ашылды.

Мұражай-залы бес негізгі экспозициядан тұрады: "Балалық шағы. Білім жолында", "Асыл ұлы, жасын үні халықтың, Сәкен аға, төріндесіз тарихтың", "Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы, Сәкен - сұңқар, мәңгі өшпес асыл мұрасы", "Сазы мен сыры, сәні, Сарыарқаның сымбаты болған Сәкен", "Көргендердің көзімен, Сәкеннің салған ізімен".

Сонымен қатар, мектепте Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын тереңдетіп зерттеу мақсатында "Сәкентану" кабинеті құрылды. Ол келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: "Сәкен-қазақ әдебиетінің сұңқары", "Сәкен әдеби әлемі", " Сәкен мәңгі жасайды!".