
Елордалық театр 360 градус - AB-MEDIA форматында спектакльдерді көру мүмкіндігімен Қазақстандағы алғашқы театр стримингтік сервисін ұсынуға дайындалуда. Жаңа алаңның тұсаукесері «Астана Балет» театрында 28 желтоқсан күні сағат 16.00-де өтеді, тікелей эфир театрдың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жүргізіледі.
- Пандемия және оның салдары бізге көрермендермен қарым-қатынастың жаңа түрлерін табу қажеттілігін көрсетті. Бүкіл әлемде театр саласы үлкен шығынға ұшырауда. Эксклюзивті стримингтік хабар таратушы бұл жағдайдан шығудың жолы бола алады: ол спектакльдерді көруге билеттерді шексіз көрермендерге сатуға ғана емес, сонымен бірге біздің қоғамның географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүкіл әлемде театрдың жанкүйерлері аз емес, біз олар үшін қызықты контент дайындап жатырмыз, - дейді «Астана Балет» театрының директоры Александр Совостьянов.
Жаңа стримингтік алаңның айрықша ерекшелігі, ол стандартты толық форматты концерттер, спектакльдер немесе деректі фильмдермен ғана емес, сондай-ақ 360 градус форматтағы қойылымдармен толтырылатынында.
360 градустық бейнеде арнайы камераның көмегімен түсірілген көрініс бір уақытта барлық бағытта жазылады. Кәдімгі жалпақ дисплейде ойнату кезінде көрермен көру бағытын панорама ретінде басқара алады, ал VR көзілдірігін пайдаланса, толығымен әрекет ете алады.
Қазіргі уақытта ұжым контентті жасаумен айналысуда, бірінші спектакльдердің түсірілімі 360 градус форматта аяқталды: Сергей Прокофьевтің «Золушка» екі актілі балеті және осы жылдың қараша айында премьерасы өткен қазақстандық хореограф Әнуар Садықованың «Желтоқсан туралы аңыз» бір актілі балеті. Жақын арада спектакльдерді тамашалауға билеттер сатылымда болады. Елордалық театр басшылығының айтуынша, бір көру бағасы шамамен 500 теңгені құрайды.
Өзінің стримингтік платформасының көмегімен елордалық театр өз көрермендерінің географиясын кеңейтуді жоспарлауда: әлемнің кез келген нүктесінен адамдар жеке спектакльді тамашалауға билет сатып ала алады. Айта кету керек, тек бірінші кезеңде алаң үшін контент үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады.