
Ақтауда дзюдодан республикалық біріншілік өтті. Қарағандылық спортшылар төрт медаль жеңіп алды. Жансай Смағұлов 73 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Финалда біздің облыс командасының өкілі Аңсарбек Ғайнуллиннен (БҚО) мықты болды. Сондай-ақ Ислам Бозбаев 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Финалда ол Қызылорда облысынан келген Айбек Серікбаевпен кездесті.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ержан Еренғайыпов қола медальға ие болды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында біздің Маргарита Бажаева үшінші орынды иеленді.
- Ел чемпионатына дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Біз республикалық турнир алдында екі жиын өткіздік. Ел чемпионаты - өте жауапты жарыс. Ал қаңтар айында бізді әлемдік турнир күтіп тұр, сондықтан қазір біздің жиындар мен атқарымдардың қаншалықты тиімді болғанын анықтаймыз. Сондай-ақ, біз кемшіліктер, олқылықтар бар жерді қарастаймыз. Жалпы, қай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтаймыз. Барлық құрама мүшелері алтын медаль үшін күресуге дайын, - деді чемпионаттың басталуы кезінде olympic.kz-ке берген сұхбатында Жансай Смағұлов.
Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша