
Балқаш қаласының маңында орналасқан Саяқ кентінде алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды. Енді жергілікті кәсіпкер Бекзат Слямбек кент тұрғындарын қажетті азық-түлікпен төмен бағамен қамтамасыз ететін болады.
Ол ведомстволық ғимаратты сенімгерлік басқаруға жарияланған конкурсты жеңіп алды. Егер Слямбековтар отбасы бағаны көтермей тауар сататын болса, үш жылдан кейін үй-жайды сатып ала алады.
Бүгінде Саяқта 2,5 мың тұрғын бар. Өнімдерді 10 дүкеннен, сондай-ақ шағын дүңгіршектер мен павильондардан сатып алуға болады. Бекзат Слямбековтың әлеуметтік дүкенінде тауарлардың 19-ға жуық түрі бар. Олардың ішінде макарон, пияз, ұн, жұмыртқа, күнбағыс майы үлкен сұранысқа ие. Олардың барлығы қарапайым дүкендерге қарағанда 15-20% арзан. Мысалы, картоп 150 теңге тұрады. Ауыл бойынша бұл ең төмен баға.
Кәсіпкер Қарағандыда көтерме саудагерлерден сатып алуды жоспарлап отыр. Тауарларды ауылға жүк көлігі жеткізеді. Сатушылардың айтуынша, екі күннің ішінде олар тауарлардың 80%-ын өткізіп үлгерген.
- Мемлекет басшысының басым міндеттерінің бірі кәсіпкерлік пен орта бизнесті қолдау болып табылады. Әлеуметтік дүкен ашқан отбасы кентте белсенді қызмет атқарады. Оларда шағын жиһаз салоны, тұрмыстық техниканы сату бөлімі және тоңазытқыштарды, теледидарлар мен телефондарды жөндеу шеберханасы бар. Олардың дүкені жергілікті сауда нүктелерімен бәсекелеседі, - деді Саяқ кентінің әкімі Асқар Ботаханов.
Тәуелсіздік күніне орай ауылда әлеуметтік дүкеннен басқа асхана салтанатты түрде ашылып.