Қарағандылық полицейлер екі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыстады

Қарағандылық полицейлер екі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыстады

Қарағандылық полицейлер екі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыстады.

Қарағанды қаласы ПБ Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері өздерінің қамқорлығындағы - "Құлыншақ" және "Надежда" балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін аралады. Жаңа жыл қарсаңында әр бала тәттілер және жемістер салынған сыйлықтар жиынтығын алды.

Өкінішке орай, карантинге байланысты полиция өкілдері балалармен сөйлесе алмады. Олар балалар үйі әкімшіліктерінің өкілдерінен өз сөздерін тәрбиеленушілерге жеткізуді сұрады: "Қымбатты балалар, жаңа жылға бізден сыйлықтар алыңыздар. Жақсы оқыңыздар, ауырмаңыздар,  мұғалімдер мен тәрбиешілерге құлақ асыңыздар! Сіздердің барлық армандарыңыз орындалсын!».

polisia.kz