Қарағанды облысында автобустар шығарыла бастады

Қарағанды облысында автобустар шығарыла бастады

Yutong әлемдік көшбасшысы Қарағанды облысында. Саран қаласында автобустар, электр автобустары мен арнайы техника шығаратын "QazTehna" зауыты жұмыс істей бастады. Өндірісті іске қосу ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен өтті.

Жаңа кәсіпорын қысқа мерзім ішінде бұрынғы РТБ зауытының аумағында салынды. Жобаны іске асыру моноқаладағы индустриялық аймақты жаңғыртуға ықпал етеді және тұтастай алғанда өңірде жаңа бағытты дамытуға мүмкіндік береді.

- Бұрынғы РТБ зауытының үй-жайлары қайта жаңартылды. Өндіріс орындары қалпына келтірілді. Жабдықтарды монтаждауды дайындадық. Қазіргі уақытта штатқа жүз жұмысшы қабылданды - олардың көпшілігі Саран қаласының тұрғындары. Мамандар оқудан өтті. Автобустарды ірі торапты құрастыру басталды, - деп хабарлады QazTehna ЖШС директоры Арғұлан Майқонов. - Республиканың барлық қалаларында автобус парктері жаңартылуда. Біздің зауыт барлық ойластырылған жоспарларды жүзеге асыруға және заманауи техниканы ұсынуға мүмкіндік береді.

Өндіріс қуаттылығы – жылына 1 200 автобус, 500 бірлік арнайы техника. Кәсіпорын әлемдегі ең ірі Yutong автобус өндірушісімен серіктестікте құрылды. Жоба Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы "Сарыарқа" ӘКК болып табылады.

Жобаның құны шамамен 23 млрд теңгені құрайды. Толық қуатқа шыққан кезде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Саран қаласындағы зауыт бірінші кезеңде қалалық, қалааралық және мектеп автобустарын шығаратын болады. Сондай-ақ, электр автобустарын өндіру жоспарлануда. Келесі кезеңде ауыр жүк техникасын құрастыру басталады - екінші кезекті іске қосу 2021 жылға белгіленіп отыр.

Өнімдер ел ішінде сатылады, сондай-ақ жақын шетелдерге экспортталуы мүмкін.

Алғашқы мектеп автобусы дайын. Бұл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылы ашылған Қарағанды қаласының № 104 жаңа мектеп-гимназиясына берген сыйы. Келесі жылы осындай автобустар облыстың басқа оқу орындары үшін сатып алынады.

Кәсіпорын директорының айтуынша, Саран қаласының тұрғындары жаңа автобустардың ыңғайлылығын алғашқылардың бірі болып бағалай алады. Моноқаланың қажеттілігіне 20 бірлік жолаушылар көлігін сатып алу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының әкімдігі мен инвестициялық консорциум арасында автобустар мен арнайы техника шығаратын зауыт құру туралы келісімге 2020 жылдың 5 мамырында қол қойылды.