Қарағандылық зерттеуші ТМД елдерінің "Үздік жас ғалым - 2020" басылымында жарияланды

Қарағандылық зерттеуші ТМД елдерінің "Үздік жас ғалым - 2020" басылымында жарияланды

Күрделі конкурстық іріктеуден өткеннен кейін, Шұғыла Айтқожинаның ғылыми мақаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жас ғалымдарының "Үздік жас ғалым - 2020" халықаралық кітап топтамасының екінші нөмірінде жарияланды.

Жобаны "Бөбек" Жалпыұлттық қозғалысы" Қауымдастығының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы ұйымдастырды. Оның басты бағыты - ТМД жас ғалымдарының ғылым мен тұлғалық табыстарын насихаттау. Бұл жолы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Беларусь педагогтары өз күштерін сынап көрді.

Шұға Айткожинаның "Ұлы даланың ұлы тұлғасы" зерттеуі І дәрежелі медаль мен дипломға ие болды. Автор мақаланы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арнады.

Шұға Айтқожина - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультетінің түлегі. Бүгінде ол №95 гимназияның мұғалімі болып жұмыс істейді. Оқытушылық қызметтен басқа, ғылыми конференцияларға, форумдарға, конкурстарға белсенді қатысады. Оның ғылыми мақалалары әртүрлі басылымдарда жарық көрді.