
Жаңаарқа ауданының әкімшілік орталығында оқушылар үйі ашылды. 200-ге жуық адам оқитын балалардың білім алуы мен дамуына арналған жаңа нысан заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған.
Мұнда IT, "жасыл" технология кабинеттері, STEM зертханасы, телестудия, акт залы, қыш және әдістемелік кабинеттер, сондай-ақ оқу бөлмелері мен коворкинг бар.
Сондай-ақ, Жаңаарқа ауданында желтоқсан айында төрт ШОБ нысаны ашылды. Бұл екі азық-түлік дүкені, сұлулық салоны және дәмхана. Бұл нысандардың кейбірі өз жұмыстарын "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қолдауымен бастады. Мысалы, "Еңбек" бағдарламасының арқасында кәсіпкер сұлулық салонын ашу жобасын іске асыруға 4 миллион теңге көлемінде несие алды, сондай-ақ өз қаражатын - 3,5 миллион теңге қосты. Енді салонда шаштараз қызметтерінен басқа, баспа, өнер сабақтарын алуға болады, сонымен қатар кәдесыйлар да шығарылады.
Аудан әкімі Юржан Бекқожин кәсіпкерлерді өз ісінің ашылуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша