
Тәуелсіздік күні Жаңаарқа ауданында 38 отбасы қоныс тойын тойлады. Мереке күндері көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар және үйлері апатты деп танылған отбасылар пәтер кілттеріне ие болды.
- Бүгін, Тәуелсіздік күні, жыл сайын жақсарып келе жатқан ауданымыздың тұрғындары үшін өте маңызды және қуанышты оқиға. Жаңа үйлер сізге тек қуанышты оқиғалар әкелсін! Барлықтарыңыздың шаңырақтарыңыз бақыт пен шаттыққа толсын! - деп Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожин жаңа қоныс иелерін құттықтады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тәуелсіздік күні 16 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Сондай-ақ, бұл күні тағы 22 отбасы жаңа үйдің бақытты иелері атанды. Пәтер кілттері жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларға және үйлері апатты деп танылған азаматтарға берілді.
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша