
Екі күн, 24 және 25 желтоқсанда «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрдің «Жаңа жылдық калейдоскоп» мерекелік концертін тамашалауға болады. Басталуы 18.30.
Бағдарламада Александр Зацепиннің «Гайдай кинофильмдерінен Парафраз», Владимир Матвейчуктің пикколо мен оркестрге арналған «Ватра», «Кариб теңізінің қарақшылары» кинофильмінен музыка, «Уранхас» балетінен вальс және басқа да музыкалық тосынсыйлар бар.
Солистер: Айгүл Аужанова, Ольга Ашенбренер, Айдар Қаппасов, Меруеш Башай, Талғат Идирисов, Динара Әлиева және Рысты Рахымжан.
Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев және халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.
Жаңа жылдық концерт Аяз Ата мен Ақшақардан құттықтауларды, ойындар мен викториналарды қамтиды. Ең жақсы жауаптар үшін сыйлықтар болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.