Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарды жергілікті тауарларды сатып алуға шақырды

Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарды жергілікті тауарларды сатып алуға шақырды

Қарағанды облысының билігі "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2020 жылдың басында тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін екі есе ұлғайту міндетін қойды. Бұл жаңа жұмыс орындарын құру үшін де, салық түсімдерін арттыру үшін де қажет.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында мәлімет етті.

"Осы жыл аралығында әкімдік пен "Атамекен" алаңында мемлекеттік органдармен, жүйе құрушы кәсіпорындармен және қарағандылық тауар өндірушілермен 20-дан астам түрлі кездесулер, кеңестер мен жұмыс топтары өткізілді. 11 ай ішінде "қарапайым заттар экономикасы" тауарларын сатып алудағы жергілікті қамту бойынша жылдық нысаналы индикаторлар орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамту үлесі екі есеге артты", - деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желіде.

Мысалы, мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өндірушілерден жиһаз жеткізу үлесі 87%-ды, құрылыс материалдары - 91%-ды, тамақ өнеркәсібі өнімдері - 81,3%-ды, машина жасау - 60,6%-ды құрады. Жұмыспен қамту жол картасы жобаларында жергілікті өнімнің үлесі 90,7%-ға дейін жеткізілді.

Қарағандылық өндірушілерді өңірдің ірі компаниялары қолдайды.

"Ақпан айында біз "АрселорМиттал Теміртаумен" жергілікті өндірістің шикізаттық емес тауарларының үлесін арттыру бойынша меморандумға қол қойдық. 2020 жылы жергілікті тауар өндірушілерді жеткізу көлемі 5 млрд теңгеден 24,5 млрд теңгеге дейін өсті. Жыл соңына дейін қарағандылық өндірушілерден "Қазақмыс" сатып алатын тауарлардың үлесі 10-нан 15 млрд теңгеге дейін өседі", - деп атап өтті облыс әкімі.

Әрбір кәсіпорынмен нақты сұрақтар пысықталды және бұл оң нәтиже берді, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Ірі инфрақұрылымдық жобаларда жергілікті өнімдер қолданылады. Қарағанды-Теміртау автожолында Қарағанды өндірісінің шамдары мен жарықтандыру тіректері орнатылады. Газ тарату желілерін төсеу кезінде жергілікті өнімдерді қолдану бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

"Отандық өндірушілерді қолдау, әсіресе пандемия кезінде, бұл патриотизмнің көрінісі ғана емес. Қазір біздің кәсіпкерлер қолдауды қажет етеді, сондықтан әрқайсымыз мүмкіндігінше біздің елде өндірілген тауарларды сатып алуымыз өте маңызды", - деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebook-те.